АЛТЫННАН ҚҰНЫ ЖОҒАРЫ ХАДИС Бұл хадиске ислам ғалымдары «құны алтыннан да жоғары» деп баға берді. Хадис Халид ибн Уалидтен риуаят етіледі: Бірде пайғамбарымыз Мухаммедке (с.ғ.с.) бір араб кісі келіп: «уа Алланың елшісі мен сізден қандай амал жасау арқылы ізгілікке қол жеткізетіндігімді сұрау үшін келдім», - деді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: «сұрақтарыңды қой мен жауап берейін», - деді. Сұрақ қоюшы көкейіндегі сұрақтарын қойды, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) төмендегі жауапты берді: - Адамдардың арасындағы ең білімді болғым келеді? - Алладан қорық, адамдардың ең білімдісі боласың. - Адамдардың ең байы болғым келеді? - Алланың бергендеріне шүкір қыл, адамдардың ең байы боласың. - Ең әділетті кісі болғым келеді? - Өзіңе қалаған нәрсеңді өзгеге де қала, адамдардың ең әділі боласың. - Адамдардың ең жомарты болғым келеді? - Адамдарға пайда тигізуші бол, адамдардың ең жомарты боласың. - Алланың ең сүйікті құлы болғым келеді? - Сен Алланы көп еске ал, ең сүйікті құлдардан боласың. - Иманымның қуатты болғанын қалаймын? - Мінезіңді түзет, иманың қуатты болады. - Алладан шын қорқатын адам болғым келеді? - Құлшылықтарыңды сен Алланы көріп тұрғандай орында, егер сен Оны көрмесең, Ол сені көріп тұр. - Аллаға бойсұнушы құл болғым келеді? - Бұйырылғанды орында, тыйғаннан тиыл, бойсұнушылардын боласың. - Қиямет күні Алланың құзырында дәрежем көтерілгенін қалаймын? - Ешкімге қатыгездік жасама, қияметте Алла сенің дәрежеңді көтеретін болады. - Қияметте Алланың мейіріміне бөленуді қалаймын? - Өзіңе және Алланың құлдарына мейірімді бол. - Күналарымның азайғанын қалаймын? - Көп тәубе ет, күналарың азаяды. - Шүкіршіл құлдардан болғым келеді? - Ешбір нәрседе адамдарға шағымданба. - Барлығынан күшті - қуатты болғым келеді? - Аллаға тәуекел ет, барлығынан күшті-қуатты боласың. - Алла менің несібемді көбейткенін қалаймын? - Үнемі дәретпен жүр. - Қиямет күні Алла тағаланың маған ашуланбайтындығына сенімді болғым келеді? - Алланың жаратқандарының ешбіріне ашуланба. - Алланың менің дұға-тілектеріме жауап бергенін қалаймын? - Тиылған нәрселерден өзіңді аулақ ұста, Алла сенің дұға-тілектеріңе жауап беретін болады. - Қиямет күні Алланың құзырында кемшіліктерімнің жасырылғанын қалаймын? - Өз бауырларыңның кемшіліктерін жасыр. - Күнә мен қателіктер не нәрсемен кешіріледі? - Көз жасы, итағат ету және ауру. - Алла қай амалды жақсы көреді? - Көркем мінез, қарапайымдылық және қайғыға сабыр ету. - Алла қай амалды өте жек көреді? - Жаман мінез бен сараңдықты өте жек көреді. - Осы дүниеде Алланың ашуын қайтаратын қандай амал бар? - Жасырын садақа беру және ренжіскен екі адамның арасын татуластыру. - Қиямет күні тозақтың отын сөндіретін қандай амал бар? - Қайғы – мұңда сабыр ету. - Алла мен Оның елшісінің (с.ғ.с.) сүйіктісі болғым келеді? - Алла мен оның елшісінің жақсы көрген нәрселерін сен де жақсы көр, - деп жауап берді.

Теги других блогов: Ислам Хадис Алтын Білім Әділет